11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Криштиану Роналду 30 жастан кейінгі голдар саны бойынша рекорд орнатты

«Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа тарихи жетістікке қол жеткізді – ол 30 жастан кейін 464 гол соғып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com дерегіне сүйене отырып.

Жалпы, Роналду кәсіби мансабында 927 гол соққан. Оның 463-ін ол 30 жасқа дейін, ал қалған 464-ін 30-дан кейін енгізді.

10 наурызда, Азия Чемпиондар Лигасының 2024/25 маусымының 1/8 финалында, Роналду ирандық «Эстегляль» қақпасына пенальтиден гол соғып, командасына 3:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.

Ол футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаты, УЕФА Чемпиондар Лигасы және клубтық әлем чемпионаты тарихында ең көп гол соққан ойыншы ретінде танылуда.