Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Крис Юбэнк-кіші Конор Беннге мансабындағы алғашқы жеңілісін тартты

Крис Юбэнк-кіші Конор Беннге мансабындағы алғашқы жеңілісін тартты

Лондонда британдық спортшылар арасында үлкен бокс кеші өтті — Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 КО) Конор Беннмен (23-1, 14 КО) жұдырықтасты.

Орта салмақтағы «жыл жекпе-жегі» атанған қарсыластық — төрешілердің бірауызды шешімімен Юбэнктің сенімді жеңісімен аяқталды, барлық үш төрешінің карточкасында 116-112 есебімен. Тоғызыншы раундта чемпион бастардың кездейсоқ соқтығысуынан кейін ауыр жарақат алды.

Орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Юбэнк үшін бұл мансабындағы 35-ші жеңіс болса, қарсыласы кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісін тартты. Айта кетерлігі, британдық боксшы бұған дейін жеңілмеген қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ұсынысынан бас тартқан болатын.