Оқу уақыты: 1 мин

Крис Вагнер мансабын КХЛ-де жалғастыруы мүмкін

Крис Вагнер мансабын КХЛ-де жалғастыруы мүмкін

«Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, «Колорадо Эвеланш» шабуылшысы Крис Вагнер алдағы маусымда Континенталды хоккей лигасына ауысуы ықтимал.

33 жастағы америкалық хоккейші биылғы маусымда негізгі команда мен фарм-клуб арасында ойын уақытын бөліп өткізді. Ол «Колорадо» сапында 28 матч өткізіп, бір гол соқты, ал АХЛ-да 44 кездесуде 31 ұпай (19+12) жинады.

Вагнер НХЛ-дегі мансабында «Анахайм Дакс», «Нью-Йорк Айлендерс» және «Бостон Брюинз» командаларында ойнаған. Жалпы плей-оффты қоса есептегенде, ол 462 матч өткізіп, 74 ұпай (46 гол, 28 пас) жинады.

Америка хоккей лигасында тәжірибелі шабуылшы 451 кездесуге қатысып, 219 ұпай (121+98) еншілеген.