18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Крейг Беллами: «Мен мұра қалдырғым келеді»

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы алдында Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами турнир туралы пікірін білдірді.

Беллами – әлем чемпионатының үлкен жанкүйері. Әсіресе, 1986, 1990 және 1994 жылдардағы мундиальдар оған қатты әсер еткен. 1994 жылы АҚШ-та өткен турнир оның футболшы болуына үлкен ықпал еткен.

— Әлем чемпионатында бапкер болғым келе ме? Иә, бірақ бұл ең басты нәрсе емес. Мені инфрақұрылымды дамыту мен ойынымызды жақсартуға бөлінетін қаражат көбірек шабыттандырады. Мен мұра қалдырғым келеді, — деді Беллами.

45 жастағы маман ұлттық құраманы жаттықтырған алты матчтың бірде-бірінде жеңілген жоқ. Оның басшылығымен «Уэльс» «Ұлттар лигасының» жоғарғы дивизионына көтерілді.

«Қазақстан» құрамасына қарсы іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 22 наурыз, сенбі күні «Кардифф Сити» стадионында өтеді. Бұл топта сондай-ақ «Бельгия», «Солтүстік Македония» және «Лихтенштейн» құрамалары бар.