18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Крейг Беллами: «Қазақстанмен матч – ең маңызды ойын»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өтетін матч алдында командадағы кадрлық мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Kazfootball.

«Біз негізгі үш ойыншымыз — Харри Уилсон, Итан Ампаду және Аарон Рэмзисіз ойнаймыз. Бұл Аарон үшін қиын жағдай. Оны бес жасынан бері білемін, ол еңбекқорлығының арқасында жоғары деңгейде ойнады», — деді Беллами.

Бапкер команда ойын жүйесін өзгертіп, шабуыл мен қорғанысты әртүрлі ұйымдастырып жүргенін айтты. Ол Қазақстанмен өтетін матчтың Солтүстік Македонияға қарсы кездесуден мүлде өзгеше болатынын атап өтті.

Қазақстан құрамасы іріктеуді 22-23 наурызға қараған түні Астана уақытымен 00:45-те Кардиффте өтетін ойында бастайды.