Оқу уақыты: 1 мин

Краснодар капитаны ағылшын Лидске ауысуы мүмкін

Краснодар капитаны ағылшын Лидске ауысуы мүмкін

«Спорт-Экспресс» ақпараты бойынша, «Краснодар» футбол клубының капитаны Эдуард Сперцян ағылшын «Лидсінің» қызығушылығын тудырып отыр.

Премьер-лигаға шығуды қамтамасыз еткен ағылшын клубы ресейлік жартылай қорғаушыны сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Трансферге ерекше қызығушылықты үш жыл бұрын «Краснодарды» қысқа мерзім басқарған «Лидс» жаттықтырушысы Даниэль Фарке танытып отыр.

Айта кету керек, «Лидс» Сперцянның қызметіне қысқы трансфер терезесі кезінде де қызығушылық танытқан болатын.