Оқу уақыты: 1 мин

ҚР әйелдер керлинг құрамасы Азиада-2025 матчында жеңіске жетті

ҚР әйелдер керлинг құрамасы Азиада-2025 матчында жеңіске жетті

Olympic.kz мәліметі бойынша, Қазақстанның әйелдер керлинг құрамасы Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындары-2025-те жақсы нәтиже көрсетті.

Топтық кезеңнің тартысты матчында біздің спортшылар Филиппин құрамасымен кездесіп қызу бәсекеде — 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы үшін бұл турнирдегі екінші жақсы көрсеткіш. Бұған дейін біздің керлингшілер Тайбэй құрамасын жеңгенімен Жапония мен Қытайдың мықты командаларынан жеңілген болатын.