Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ сәуір айының үздіктері анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚПЛ сәуір айының үздіктері анықталды

Қазақстан Премьер-Лигасының сәуір айындағы ең үздіктері жарияланды.

Дастан Сатпаев – айдың үздік ойыншысы атанды. 16 жастағы шабуылшы төрт матчта 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Айта кетейік, Сатпаев наурыз айында да үздік ойыншы атағын жеңіп алған болатын.

Рафаэль Уразбахтин – сәуірдің үздік бапкері. Оның жетекшілігіндегі «Қайрат» сәуір айында төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, бір матчта тең нәтиже тіркеді.