16.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚПЛ клубтарына бөлінген мемлекеттік қаржы көлемі жарияланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
ҚПЛ клубтарына бөлінген мемлекеттік қаржы көлемі жарияланды

2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін клубтарға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы көлемі белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты «Дядя Ваня» Telegram-арнасы таратты.

Бюджет көлемі бойынша көш бастаған клубтар:

  • «Ақтөбе» – 4,2 млрд теңге
  • «Ордабасы» – 3,5 млрд теңге
  • «Елімай» – 2,7 млрд теңге
  • «Қызылжар» – 2 млрд теңге
  • «Қайсар» – 1,9 млрд теңге
  • «Атырау» – 1,9 млрд теңге
  • «Оқжетпес» – 1,8 млрд теңге
  • «Жетісу» – 1,7 млрд теңге
  • «Ұлытау» – 1,4 млрд теңге
  • «Тобыл» – 1,3 млрд теңге
  • «Тұран» – 1,2 млрд теңге
  • «Жеңіс» – 0,99 млрд теңге
  • «Қайрат» – 0,75 млрд теңге
  • «Астана» – қаржыландыру көлемі белгісіз

Бұл мәлімет ҚПЛ клубтарының қаржылық мүмкіндіктері мен инфрақұрылымдық дамуына қатысты қоғамдық талқылауға түрткі болуы мүмкін.