03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КПЛ-да бүгін 19-шы турдың үш матчы өтеді

КПЛ-да бүгін 19-шы турдың үш матчы өтеді

Қазақстан Премьер-Лигасының 19-шы туры аясында бүгін үш матч өтеді — барлық кездесулер сағат 20:00-де басталады.

  • «Ордабасы» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды
  • «Ақтөбе» «Женіспен» ойнайды
  • «Жетісу» «Туранмен» кездеседі

«Астана» мен «Қайсар» арасындағы матч — кейінгі мерзімге шегерілді.

Барлық матчтардың тікелей трансляциясын «Qazsport», SPORT+ телеарналарынан және KFF League YouTube-арнасынан көруге болады.