20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КПЛ-да бүгін 17-ші турдың үш матчы өтеді

КПЛ-да бүгін 17-ші турдың үш матчы өтеді

Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші туры аясында үш матч өтеді.

18:00-де «Қызылжар» мен «Атырау» командалары алаңға шығады. Кейінірек, 20:00-де тағы екі тартыс басталады — «Ақтөбе» «Тоболмен» ойнайды, ал «Жетісу» «Ордабасыны» қабылдайды.

«Qazsport» және «SPORT+» телеарналары ойын күнінің барлық матчтарының тікелей трансляциясын жүргізеді.