14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КПЛ-да бүгін 12-ші турдың төрт матчы өтеді

КПЛ-да бүгін 12-ші турдың төрт матчы өтеді

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші турында бүгін төрт матч өтеді — бұл туралы KFF League хабарлайды.

Ойын күнінің негізгі бөлігі сағат 18:00-де басталады — бұл уақытта «Жетісу» «Қайратпен», «Қызылжар» «Ақтөбемен», ал «Атырау» «Ұлытаумен» кездеседі. «Тұран» мен «Женіс» арасындағы кешкі матч сағат 20:00-ге жоспарланған.

Барлық матчтардың тікелей трансляциясын Qazsport және SPORT+ телеарналарынан, сондай-ақ KFF League YouTube-арнасынан көруге болады.