30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КПЛ-да бүгін 11-ші турдың төрт матчы өтеді

КПЛ-да бүгін 11-ші турдың төрт матчы өтеді

Қазақстан Премьер-Лигасы 11-ші тур ойындарымен жалғасуда — бүгін жанкүйерлерді төрт қарсыластық күтіп тұр.

Ойын күні сағат 18:00-де екі параллель матчпен басталады — «Елімай» «Астананы» қабылдайды, ал «Жеңіс» «Ордабасымен» кездеседі. Сағат 18:30-да «Тобол» мен «Атырау» алаңға шығады, ал футбол күні сағат 20:00-де «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы орталық матчпен аяқталады.

Барлық матчтарды «Qazsport» телеарнасы мен KFF League YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

  • «Елімай» — «Астана» (18:00)
  • «Жеңіс» — «Ордабасы» (18:00)
  • «Тобол» — «Атырау» (18:30)
  • «Ақтөбе» — «Қайрат» (20:00)