17.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қостанайлық «Тобыл» бақылау матчында ресейлік клубтан жеңіліс тапты

Қостанайлық «Тобыл» бақылау матчында ресейлік клубтан жеңіліс тапты

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында қостанайлық «Тобыл» самаралық «Крылья Советов» командасымен бақылау матчын өткізді.

Кездесу ресейлік клубтың жеңісімен аяқталды — 21-ші минутта Иван Олейников есеп ашты; содан кейін 83-ші минутта Владислав Шитов басымдықты арттырды ал соңғы нүктені 90+2 минутта Иван Бобер қойды.

Қостанайлық клуб матчты келесі құраммен бастады:

  • Устименко
  • Пап-Альюн
  • Вукчевич
  • Асранкулов
  • Ерланов
  • Мосиашвили
  • Миладинович
  • Брага
  • Чесноков
  • Зуев
  • Сигневич

Қосалқы орындықта: Бусурманов Мелихов Бақытжанов Борибаев Эдедем Ғалым Эль-Мессауди Цонев және Энен отырды.

Айта кету керек, өткен маусым қорытындысы бойынша «Тобыл» Қазақстан чемпионатында 5-ші орынды иеленді. Ал самаралық клуб ресей Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында 10-шы орында тұр.