31.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Константин Цзю ұлының Австралиядағы жекпе-жегіне келмеу себебін түсіндірді

Tass.ru хабарлауынша, бұрынғы абсолют әлем чемпионы Константин Цзю ұлы Тим Цзюдің алдағы жекпе-жегіне бармайды. Әке мен бала арасында осындай келісім бар.

Австралиялық боксшы Тим Цзю 6 сәуірде Австралияда америкалық Джоуи Спенсермен рингте кездеседі. Бұған дейін спортшы өз жекпе-жектерінде әкесін көргісі келмейтінін баспасөзге мәлімдеген.

Жекпе-жекке бармайтыным түсінікті. Біз ұлыммен келісіп, бармайтын болдық. Оның өз себептері бар, мен ол туралы айтпаймын, — деді Константин Цзю.