24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Константин Цзю: Дмитрий Бивол жеңіске толықтай лайықты болды

Sovsport.ru мәліметінше, аты аңызға айналған боксшы Константин Цзю жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион Дмитрий Биволдың экс-чемпион Артур Бетербиевті жеңуіне қатысты өз пікірін білдірді.

Танымал спортшы көп сынға ұшыраған бұл жекпе-жектің өте тең өткенін атап өтті. Алайда ол әр раундты мұқият талдау қажеттігін ескертті.

«Боксшылардың жекпе-жегін бағалау үшін төрешілік көзқараспен қарау керек, жай ғана әсерге сүйенуге болмайды. Менің комментатор ретіндегі міндетім – көргенімді объективті түрде бағалау», – деді Цзю.

Бұрынғы әлем чемпионының айтуынша, әділ талдау нәтижесінде Бетербиевтің жеңіске жету үшін жеткілікті әрекет жасамағаны анықталды, ал Бивол керісінше үлкен жұмыс атқарып, жеңісті толықтай лайықты иеленді.

Еске сала кетейік, тарихи жекпе-жек 22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясында өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Дмитрий Бивол төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.