Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Константин Горовенко «Атырау» бас бапкері қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен өз еркімен кетті. Маусым басында ол команда тізгінін ұстаған болатын, алайда күтілген нәтиже көрсетілмеген соң орнын босатты.

Команда Қазақстан кубогынан ерте шығып қалды, ал ҚПЛ-да 6 турдан кейін небәрі 3 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орында тұр.

Бұл маусымда қызметінен кеткен үшінші бапкер — бұған дейін «Қызылжар» мен «Ақтөбе» клубтары да бапкерлерімен қош айтысқан еді.

«Атырау» клубы жаңа бапкер іздеу жұмыстарын бастады. Команда алдымен турнирлік жағдайын жақсартып, жанкүйер үмітін қайта ақтауға ұмтылмақ.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!