03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының кезекті жүлдесі

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден Италияның Коллальбо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл жолы спортшы 500 метр қашықтықта екінші орын алды. Алтын медальды венгриялық Ханна Биро жеңіп алса, үздік үштікті италиялық Мэйбрит Вигль түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дауранова 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын иеленген еді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!