18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Конгодағы ATP Challenger турнирінде матчтар атыс салдарынан тоқтатылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2025 жылғы 18 ақпанда Конго Республикасының астанасы Браззавильде өтіп жатқан ATP Challenger сериясындағы бірнеше матч атыс салдарынан уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Риа Новости Спорт.

Ресейлік Иван Денисов пен нидерландтық Гай ден Ауден арасындағы алғашқы айналым матчы екінші сетте, есеп 1:6, 2:2 болған кезде үзіліске ұшырады. Корт маңында оқ дауыстары мен бронетехника байқалған соң, ойыншылар мен көрермендер қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды.

Біршама уақыт өткен соң, жағдай тұрақтанды деп бағаланып, турнир қайта жалғасты. Алайда, ойынның нәтижесінде Денисов 1:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапты.

Оқиғаның нақты себебі туралы ресми ақпарат әлі берілген жоқ. Бірақ Конго аймағындағы тұрақсыздық, қарулы қақтығыстар мен этникалық шиеленістер азаматтық соғыс салдарынан болып отырғаны белгілі.

Турнир ұйымдастырушылары мен жергілікті билік орындары әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Дегенмен, жарыс белгіленген кесте бойынша жалғасуда.