29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Коло-Муани «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік тізіміне енді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Коло-Муани «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік тізіміне енді

Англиялық «Манчестер Юнайтед» шабуыл шебін күшейту мақсатында ПСЖ ойыншысы Рандаль Коло-Муаниға қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін клубтың трансферлік нысандары қатарында «Челсиден» Николас Джексон, «Астон Вилладан» Олли Уоткинс және «РБ Лейпциктен» Беньямин Шешко аталған еді.

Дереккөздің мәліметінше, «Юнайтед» басшылығы Коло-Муани нұсқасын да қарастыруда. Франциялық шабуылшы өткен маусымның екінші бөлігін «Ювентус» сапында жалға өткізіп, 16 матчта 8 гол соқты.

Айта кетейік, «Ювентус» ойыншыны қайтадан жалға алуға немесе толық трансферге мүдделі. Сонымен қатар, 26 жастағы Коло-Муаниға «Ньюкасл» да қызығушылық танытуда — клуб жазда Александер Исактан айырылып қалуы мүмкін.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!