07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Колби Тикнесс күтпеген жерден UFC-дегі дебютін жасады

UFC.com хабарлағандай, Колби Тикнесс күтпеген мүмкіндікке ие болып, өз елінде – Австралияда өтетін ірі pay-per-view турнирінде Александре Топурияға қарсы дебют жасады.

«Қызығы сол, мен күзетші болып жұмыс істеп, тонауға ұшыраған мектепті бақылап отырған кезде Илияның менеджері маған Instagram арқылы жазды. Ол менің WhatsApp нөмірімді сұрады, біз жылдам сөйлестік, содан кейін Жаңа Зеландияда жүрген Джо Лопес пен Александр Волкановскимен байланысқа шықтым. Ал жексенбі таңында бәрі ресми түрде расталды»— деп бөлісті Тикнесс.

Бұл кездесуде Тикнесс үшін үлкен артықшылық болғаны, оның бұрышында UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Александр Волкановски тұрды. Айта кетейік, бұған дейін Тикнесс fight-week кезінде Волкановскиге көмектескен.

Ол сегізбұрышқа мінсіз 7-0 рекордпен шықты, ал оның қарсыласы 5-1 статистикаға ие, әрі барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Дегенмен, Тикнесс қарсыласын қиын сынақ күтіп тұрғанын айтады:

«Ол әлі жоғары деңгейдегі жауынгерлермен кездескен жоқ. Иә, қарсыластарын ерте аяқтай алады, бірақ мен оның ойыны жоспарлағандай жүрмегенде қалай әрекет ететінін көргім келеді, әсіресе кейінгі раундтарда», — деді Тикнесс.

Бұл жекпе-жек Австралияның Сидней қаласындағы Qudos Bank Arena алаңында UFC 312 турнирі аясында өтті.