Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Бүгін Республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отырыс барысында федерацияның өткен жылға қорытындысы тыңдалып, биылға жоспары айтылды. Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының жаңа президентін тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, Айдарбек Қожаназаров сайланды.

«Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен құзыреттілігін тоқтатты. Саланың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай қазіргі Мәжіліс депутаты, Көкпар Федерациясының құрметті Президенті, ұлттық спорттың басы-қасында жүрген Айдарбек Қожаназаров сайланды», — деді Ілиясов.

Өз кезегінде көкпар федерациясының жаңа президенті сенім білдірген жандарға алғыс айтып, саланың дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.