28.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Көкпар, асық ату және қымыз: Астанада «Азия Көкпар Лигасы» өтеді

Көкпар, асық ату және қымыз: Астанада «Азия Көкпар Лигасы» өтеді

7 мамырда Астанада командалық көкпардан кезекті «Азия Көкпар Лигасы» ойыны өтеді. Іс-шара 13:00-де «BalQaragai» аумағында басталады.

Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясы мен «Спорт және мәдениетті дамыту» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, сегіз үздік команданың қатысуымен ауқымды спорттық шара ұйымдастырады. Қатысушылар қатарында атақты спортшылар мен танымал медиа тұлғалар бар.

Көрермендер асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру, муляж көтеру және садақ ату бойынша жарыстарда өз шеберліктерін көрсете алады. Сонымен қатар қонақтарға палау, кәуәп және қымыз ұсынылады.

Бүркіт, сұңқар және қазақы тазы иттері бар арнайы фотоаймақ жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылар баршаны қазақтың салт-дәстүріне толы ерекше мерекенің куәгері болуға шақырады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!