09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Көкшетаудағы сенсация: «Оқжетпес» кем құрамдағы «Жетісудан» жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Көкшетаудағы сенсация: «Оқжетпес» кем құрамдағы «Жетісудан» жеңілді

Көкшетауда өткен Премьер-лиганың 20-туры аясындағы ойында «Оқжетпес» өз алаңында «Жетісуды» қабылдады.

Қонақтар есепті 22-минутта ашты — Мохамед Буйя Турей алыстан әдемі соққы жасап, командасын алға шығарды. Үзіліске дейін «Оқжетпес» пенальти соғып, таразы басын теңестірді — оны Дәурен Жұмат мүлт жібермеді. Сол сәттен кейін «Жетісу» ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен қызыл қағаз алып, командасы кем құрамда қалды.

Алайда, екінші таймда сан басымдығын пайдалана алмаған алаң иелері 77-минутта Нұрбол Ануарбековтен гол өткізіп алды — 1:2.

Бұл жеңістен кейін «Жетісу» 22 ұпай жинап, турнир кестесінің орта тұсында тұр. «Оқжетпес» 29 ұпайымен жоғарғы бөлікте сақталуда.