06.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалындағы қарсыластар анықталды

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалындағы қарсыластар анықталды

Клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында Еуропа мен Оңтүстік Америка өкілдері кездеседі — бразилиялық «Флуминенсе» ағылшын «Челсимен» ойнайды.

Екінші жұпта тек еуропалық командалар кездеседі — испандық «Реал» француздық «ПСЖ» командасымен күш сынасады.

Турнирдің жартылай финалдық матчтары 8 және 9 шілдеде өтеді.