12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Клубтық әлем чемпионаты-2025 финалы: Челси мен ПСЖ шешуші матчта кездеседі

Клубтық әлем чемпионаты-2025 финалы: Челси мен ПСЖ шешуші матчта кездеседі

13-14 шілде түнінде Ист-Ратерфордта футболдан клубтық әлем чемпионатының финалдық матчы өтеді — басты трофей үшін Челси мен ПСЖ таласады.

Шешуші кездесудің трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де Qazsport арнасында басталады — букмекерлер париждік клубты фаворит санайды.

Финалға жолда ағылшын командасы мына жеңістерге қол жеткізді:

  • Бенфика — 4:1 қосымша уақытта
  • Палмейрас — 2:1
  • Флуминенсе — 2:0

Француз клубы өз матчтарында сенімді ойын көрсетті:

  • Интер Майами — 4:0
  • Бавария — 2:0
  • Реал Мадрид — 4:0

Айта кету керек, ПСЖ бастапқыда сарапшылар тарапынан чемпиондық атаққа басты үміткер ретінде қарастырылған.