20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: ПСЖ «Ботафогодан» жеңілді

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: ПСЖ «Ботафогодан» жеңілді

Жұма, 20 маусым күні Пасадена қаласындағы (АҚШ, Калифорния) Роуз Боул стадионының алаңында франциялық ПСЖ мен бразилиялық «Ботафого» арасындағы футболдан клубтар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының «В» тобындағы 2-ші турдың ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рио-де-Жанейро клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды матчтың 36-минутында шабуылшы Игорь Жезус соқты.

«Ботафого» 6 ұпай жинап, В тобында бірінші орынға ие болды. ПСЖ екінші орынға түсті — 3 ұпай.