Оқу уақыты: 1 мин

Клопптың агенті оның Ромаға ауысу туралы қауесетті жоққа шығарды

Клопптың агенті оның Ромаға ауысу туралы қауесетті жоққа шығарды

Winwin мәліметі бойынша, Юрген Клопптың өкілі оның «Рома» бас бапкері қызметіне тағайындалуы туралы қауесетті жоққа шығарды.

Бұған дейін БАҚ-та неміс маманы римдік клубты басқаруға келісім берді деген ақпарат тараған болатын.

«Клопп ‘Романы’ жаттықтырады? Бұл шындыққа жанаспайды», — деді бапкердің агенті Марк Косицке.