Оқу уақыты: 1 мин

Клопп телефон арқылы Фабрегасты бас бапкерлік қызметке шақырды

Клопп телефон арқылы Фабрегасты бас бапкерлік қызметке шақырды

Red Bull Global футбол операциялары жөніндегі директоры Юрген Клопп италиялық «Комо» клубының қазіргі бас бапкері Сеск Фабрегаспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрицио Романоның мәліметінше, Клопп Фабрегасты РБ Лейпцигті баптауға шақырды. Неміс клубы наурыз айының соңында Марко Роуз жұмыстан босатылғаннан кейін жаңа тұрақты жаттықтырушы іздеп жатыр.

37 жастағы футболшы бапкерлік мансабын 2023 жылы бастады, бастапқыда U19 командасымен жұмыс істеді. Кейін ол 2024 жылы негізгі құрамды ресми түрде басқармас бұрын көмекші және уақытша бас бапкер қызметін атқарды.

Комо қазір 35 турдан кейін 45 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде 10-шы орында тұр.