19.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Клопп бапкерлікке қайта оралмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Клопп бапкерлікке қайта оралмайды

Юрген Клопптың агенті Марк Косицке неміс маманының жақын арада бапкерлікке қайта оралмайтынын растады.

«Клопп Red Bull-дағы қызметіне дән риза. Ол қазіргі жұмысын ұнатып, соған толық көңіл бөліп жатыр. Әрине, көптеген ірі клубтар мен ұлттық федерациялар тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ біз бапкерлікке әзірге оралуды жоспарлап отырған жоқпыз», – деді Косицке.

Еске салайық, Клопп маусым соңында «Ливерпульден» кететінін жариялап, біраз уақыт демалатынын мәлімдеген болатын.