19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Клаудио Раньери маусым соңында бапкерлік мансабын аяқтайтынын растады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Англияның «Лестер Сити» клубының аңызға айналған бапкері Клаудио Раньери маусым соңында бапкерлік мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді. Қазіргі таңда ол Италияның «Ромасын» жаттықтырып, жақсы нәтижелер көрсетіп жатқанымен, бұл шешімін өзгертуге ниетті емес.

«Бұл – менің соңғы маусымым. Футболға бар өмірімді арнадым, енді демалатын уақыт келді. «Ромадағы» нәтижелеріме қарамастан, шешімім өзгермейді», – деді тәжірибелі маман.

72 жастағы италиялық бапкер бапкерлік жолында көптеген клубтарды басқарды. Алайда оның ең үлкен жетістігі – 2015/16 маусымында «Лестер Ситимен» Англия Премьер-Лигасын жеңуі. Бұл триумф футбол тарихындағы ең таңғажайып оқиғалардың бірі ретінде есте қалды.

Раньери баптаған «Рома» қазіргі таңда Серия А-да жоғары орындарға таласып жатыр. Мансабының соңғы айларында ол командасын мүмкіндігінше биікке көтеруді мақсат етіп отыр.