Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Кларенс Зеедорф Дастан Сәтпаевқа өз кеңесін берді

«Реал», «Милан» және Нидерланд құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Кларенс Зеедорф алматылық «Қайрат» командасының 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челси» клубына ауысуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Менің ойымша, оған менен кеңес қажет емес. Егер Дастан сіз айтқан жетістікке қазірдің өзінде қол жеткізсе, демек ол дұрыс жолда және алға қарай талмай еңбектенуі керек. Оның айналасында дұрыс бағыт-бағдар бере алатын адамдар жеткілікті. Ең бастысы — өз күшіне сену, — деді Кларенс Зеедорф.

Айта кетейік, Кларенс Зеедорф өз мансабында «Аякс», «Реал» және «Милан» клубтарымен Чемпиондар лигасын жеңіп алған. «Милан» сапында 10 маусым өнер көрсетіп, Италия чемпионы атанған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» клубы Дастан Сәтпаевтың трансферіне байланысты «Челси» клубымен келісімге келген болатын. Жас футболшы ағылшындық клубқа 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толғаннан кейін қосылады. Бұл трансфер Қазақстан футболы тарихындағы ең ірі келісімге айналды — «Қайрат» Дастан үшін 4,3 миллион еуро алады.