20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кирсти Ковентри – МОК-тың жаңа президенті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Зимбабведен шыққан екі дүркін олимпиада чемпионы Кирсти Ковентри Халықаралық олимпиада комитетінің (МОК) жаңа президенті болып сайланды.

41 жастағы Ковентри – жүзуден олимпиада чемпионы және МОК атқару комитетінің мүшесі. Ол ұйым тарихындағы оныншы президент және аталған қызметті атқаратын алғашқы әйел атанды.

Ковентри 2025 жылдың 23 маусымында Томас Бахтың өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметіне ресми түрде кіріседі. Оның президенттік мерзімі 8 жылға созылады.