22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кириос француз теннисшісі Мпетши Перрикар туралы батыл болжам жасады

Кириос француз теннисшісі Мпетши Перрикар туралы батыл болжам жасады

Танымал австралиялық теннисші Ник Кириос француз спортшысы Джованни Мпетши Перрикардың болашағы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды UTS.

2026 жылы Мпетши Перрикар үздік ондыққа кіреді деп ойлаймын. Бұл менің болжамдарымның бірі. Мен одан асып түсетін подача көрген емеспін, сондықтан Перрикардан көп нәрсе күтемін

Австралиялық спортшы француздың подачадағы ерекше қабілетін атап өтті — «Уимблдон» турнирінде теннисші сағатына 246 шақырым жылдамдықты көрсетті.