31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кирилл Морунов SD Family бас бапкері қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кирилл Морунов SD Family бас бапкері қызметінен кетті

Астаналық SD Family клубы бас бапкер Кирилл Моруновпен қош айтысты. Келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Морунов команда тізгінін 2024 жылдың қарашасында ұстап, барлық турнирде 17 матч өткізді. Оның жетекшілігімен SD Family жеті жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтап, тоғыз рет жеңілді.

Қазіргі уақытта 15 тур қорытындысы бойынша SD Family 19 ұпай жинап, Бірінші лига кестесінде оныншы орында тұр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!