10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе ұшынғаннан кейін 6 келі салмақ тастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Килиан Мбаппе ұшынғаннан кейін 6 келі салмақ тастады

«Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ауыр гастроэнтерит салдарынан алты келі салмақ тастады. Бұған дейін футболшы тағамнан улануына байланысты ауруханаға түскен болатын.

Салдарынан Мбаппе клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық үш ойынды өткізіп алды.

Футболшының өзін жайсыз сезінуі Майамиге ұшар алдында басталған. Дәл осы қалада «Реал» турнирді Сауд Арабиясының «Аль-Хилялімен» (1:1) кездесуден бастаған еді. Алғашында дәрігерлер соқырішек ұстамасы деп күдіктенген, алайда тексеріс нәтижесінде улану расталды. Алдын ала болжам бойынша, улану тауқыметін куриный етіндегі бактериялар тудырған.

Дәрігерлер Килиан Мбаппенің ауру кезінде шамамен 6 келі жоғалтқанын хабарлады. Қазіргі таңда шабуылшы қалпына келу курсынан өтіп жатыр және жақын арада жаттығуларға қайта оралуы тиіс.