Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе «Реалдағы» кезекті рекордын орнатты

Килиан Мбаппе «Реалдағы» кезекті рекордын орнатты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла Лигадағы дебюттік маусымында 30+ гол соққан алғашқы мадридтік ойыншы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз «Реал Сосьедадпен» матчта чемпионаттағы голдар санын 31-ге жеткізді.

Мбаппе сонымен қатар бірінші маусымда соққан голдары бойынша Ла Лига тарихында үшінші орынға көтерілді:

34 — Роналдо (1996/97, Барселона)

33 — Пруден (1940/41, Атлетико)

31 — Килиан Мбаппе (2024/25, Реал Мадрид)

30 — Ромарио (1993/94, Барселона).