Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе «Реалдағы» дебюттік маусымда клуб рекордын орнатты

Килиан Мбаппе «Реалдағы» дебюттік маусымда клуб рекордын орнатты

Журналист Педро Мартиннің мәліметінше, Килиан Мбаппе мадридтік «Реал» сапындағы дебюттік маусымда нәтижелілік бойынша жаңа рекорд орнатты.

Француз шабуылшысы Ла Лиганың 36-турында «Мальорка» қақпасына гол соғып, маусымдағы 28-ші голына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш — клуб тарихындағы дебюттік маусымда гол соғу жөнінен жаңа рекорд.

Бұған дейінгі рекордшылар:

  • Альфредо Ди Стефано — 27 гол (1953/54 маусымы)

  • Иван Саморано — 26 гол (1992/93 маусымы)

  • Криштиану Роналду — 26 гол (2009/10 маусымы)

Мбаппе бұл көрсеткішпен мадридтік мансабын жарқын бастады.