26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» сапындағы дебюттік маусымда «Алтын бутсы» алды

Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» сапындағы дебюттік маусымда «Алтын бутсы» алды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропаның 2024/25 маусымындағы «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сыйлық УЕФА-ға мүше елдердің ұлттық чемпионаттарында үздік бомбардирге беріледі.

«Реал» сапындағы дебюттік маусымында Мбаппе Испания Ла Лигасында 31 гол соғып, 62 ұпай жинады. Екінші орынды Португалия чемпионатында 39 гол соққан, бірақ 1,5 коэффициентімен «Спортингтің» шабуылшысы Виктор Дёкерес иеленді, яғни ол 58,5 ұпай жинады. Үшінші орынға «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах; ол Ағылшын Премьер-лигасында 29 гол соғып, 2 коэффициентімен 58 ұпай жинады.