26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе ПСЖ клубымен соттасып жатыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Килиан Мбаппе ПСЖ клубымен соттасып жатыр

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе бұрынғы клубы — ПСЖ-ны сотқа берді. Франциялық футболшы париждік ұжым басшылығын моральдық және психологиялық қысым көрсеткені үшін айыптап отыр. Бұл туралы L’Équipe басылымы хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, сот отырыстары 24 маусымда басталған. Мбаппенің айтуынша, 2023 жылы клуб оны жаңа келісімге қол қоюға мәжбүрлеген. Егер келісуден бас тартса, негізгі құрамнан шеттетілетіні ескертілген. Нәтижесінде, шабуылшы бірнеше апта бойы жеке топпен жаттығуға мәжбүр болған.

Кейін Килиан келісімшартты ұзартудан бас тартып, 2024 жылдың жазында «Реалға» еркін агент ретінде ауысты. Жаңа клубындағы алғашқы маусымда-ақ ол команда көшбасшысына айналып, Испания чемпионатының үздік сұрмергені атанды.