Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Килиан Мбаппе: «Менің командаластарым депрессиядан зардап шекті»

Франция құрамасы мен «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдағы психикалық денсаулық мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бұл тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

«Мен депрессиядан зардап шеккен адамдарды білемін. Менің командалас жолдастарым да осындай жағдайды бастан өткерді», — деді шабуылшы As басылымына берген сұхбатында.

Мбаппенің айтуынша, оның мансабында қиын сәттер болғанымен, олар психологиялық емес, тек спорттық тұрғыда болған.

«Адамдардың мен туралы психологиялық құлдырау жайлы айтқаны ұнамады. Бұл — өте маңызды тақырып. Мен спорттық форма тұрғысынан ғана қиындық көрдім. Ал психологиялық емес. Сондықтан мен бұл мәселеге үлкен құрметпен қараймын», — деді футболшы.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік футболшы Артем Дзюба да осы тақырыпқа пікір білдіріп, көпшіліктің депрессияны «өздері ойлап табатынын» айтқан болатын. Мбаппе болса бұл мәселеге байыппен қарау қажеттігін ескертті.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!