22.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе «Хетафеге» қарсы ойында алаңға шықпайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Килиан Мбаппе «Хетафеге» қарсы ойында алаңға шықпайды

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти жұлдызды шабуылшы Килиан Мбаппенің ертең, 23 сәуір күні «Хетафеге» қарсы өтетін матчқа қатыспайтынын мәлімдеді.

«Килиан Мбаппе мен Ферлан Менди ертеңгі ойынға шығуға дайын емес. Бірақ олар финалға дейін қатарға қосылады деп үміттенемін. Жарақаты Мбаппеге әсер етуде, ол көңілсіз күйде. Дегенмен финалға дайындығы үшін бар күшін салып жатыр», — деді Анчелотти.

«Реал» 23 сәуірде Ла Лига аясында «Хетафемен», ал 26 сәуірде Испания кубогының финалында «Барселонамен» кездеседі.

Мбаппенің негізгі мақсат — «Эль Класико» финалына толықтай қалпына келіп үлгеру.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!