30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ жаңа маусымның күндерін жариялап, регламентке өзгерістер енгізді

КХЛ жаңа маусымның күндерін жариялап, регламентке өзгерістер енгізді

КХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, Мәскеу маңындағы Барвихада лига басшылығының бас менеджерлермен және клуб өкілдерімен жыл сайынғы кеңесі өтті — қатысушылар аяқталған маусымның қорытындысын шығарып, даму перспективаларын талқылады.

КХЛ-дің он сегізінші маусымы 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Ашылу Кубогы матчымен басталады — тұрақты чемпионат 2026 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады, әр команда 68 кездесу өткізеді.

«Плей-офф 23 наурызда басталады, ал жартылай финал мен финал арасындағы үзіліс үш күнге созылады. Маусымның шешуші сериясы 11 мамырда басталып, жетінші матч 2026 жылдың 23 мамырына жоспарланған», — делінген лиганың мәлімдемесінде.

Сондай-ақ регламентке маңызды өзгерістер бекітілді:

  • 31 мамырдан кейін шектеусіз еркін агент мәртебесі бар ойыншылар шектеусіз ауысу құқығына ие болады
  • Қақпашылар 28 жасқа толғанда және 200 матч өткізгеннен кейін НСА мәртебесін ала алады
  • Дедлайн 27 желтоқсаннан 25 қаңтарға ауыстырылады