20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ вице-президенті Ларионовтың СКА-дағы келешегін бағалады

КХЛ вице-президенті Ларионовтың СКА-дағы келешегін бағалады

«Советский спорт» хабарлауынша, КХЛ-дің даму жөніндегі вице-президенті Валерий Каменский Игорь Ларионовтың Петербор СКА клубындағы жұмыс келешегі туралы пікір білдірді.

«Игорь – аңызға айналған ойыншы, ол хоккейде бәрін жеңіп алды. Ларионовқа уақыт пен мүмкіндік берілсе, мықты команда құра алатынына сенімдімін. СКА әрдайым чемпионаттың көшбасшысы болды, алдағы уақытта не боларын көреміз. Команда керемет ойын көрсете алады», – деді Каменский.

Функционер атап өткендей – петербор клубы дәстүрлі түрде чемпионатта көшбасшы орындарды иеленеді, ал жаңа бапкер жұмыс істеуге қажетті ресурстарға ие болады.