16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ матчында «Автомобилист» пен «Салават» ойыншылары төбелесті

КХЛ матчында «Автомобилист» пен «Салават» ойыншылары төбелесті

Екатеринбургте өткен Фонбет КХЛ Чемпионатының жергілікті «Автомобилист» пен «Салават Юлаев» арасындағы матчында жанжал орын алды — КХЛ-дің ресми сайты хабарлайды.

Матчтың 39-шы минутында үй иелерінің қорғаушысы Никита Трямкин қонақтардың шабуылшысы Петр Хохряковқа күштік тәсіл қолданды, соның салдарынан ол екатеринбург командасының қосалқы ойыншылар орындығының жанындағы бортқа құлады.

Серіктесін қорғаған Григорий Панин Трямкинді итеріп жіберді — жағдайға уфалық қорғаушы Александр Комаров араласып, «Автомобилист» ойыншысымен төбелесе кетті.

Төрешілердің шешімімен Панин бөгет жасағаны үшін екі минуттық, ал Трямкин мен Комаров төбелескені үшін бес минуттық жаза алды.