21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ клубы экс-«Барыс» қорғаушысы Джесси Блэкермен қош айтысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
КХЛ клубы экс-«Барыс» қорғаушысы Джесси Блэкермен қош айтысты

Омбылық «Авангард» клубы Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Джесси Блэкермен келісімшартты тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Маусымаралық кезеңде «Авангардпен» екі жылдық келісімге отырған Блэкер команда сапында бірде-бір ойын өткізбестен клубтан кетіп отыр. Өткен маусымда ол «Автомобилист» клубында өнер көрсеткен болатын.

«Авангардтың» бас менеджері Алексей Сопин:

– Маусымаралық кезең – құрамды күшейтіп, шекті жалақы жағдайына бейімделу үшін өзгеріс енгізуге болатын жалғыз уақыт. Біз Джессиге және оның агентіне шешімімізді түсіністікпен қабылдағаны үшін алғыс айтамыз. Оған алдағы мансабында табыс тілейміз. Біз команданы күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, жаңалықтарды бақылап отырыңыздар, – деді клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде.

Еске салайық, Джесси Блэкер 2018–2021 жылдар аралығында «Барыс» сапында ойнаған және 2021, 2022 жылдары Қазақстан құрамасының әлем чемпиондарында өнер көрсеткен.