22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

КХЛ: «Барыс» өз алаңында «Адмиралға» есе жіберді

КХЛ тұрақты чемпионатының кезекті ойынында астаналық «Барыс» өз алаңында владивостоктық «Адмиралды» қабылдады.

Үй иелерінің бапкері Ғалым Мәмбеталиев мұзға келесі құрамды шығарды: Шутов (Шестаков) — Бекетаев-Хохлов Старченко-Өмірбеков-Сетдиков; Королёв-Ғайтамиров Бурдасов-Николишин-Панюков; Диханбек-Оразов Асетов-Рахманов-Мұратов; Ляпунов-Бутенко Симонов-Шульга-Қайыржан.

Роман Старченко матчтың 3-ші минутында есеп ашты (Сетдиков пен Ғайтамировтың көмегімен), алайда қонақтар қатарынан төрт шайба салды. Дінмұхамед Қайыржан үшінші кезеңде айырманы қысқартты — бірақ үй иелері бұдан артық ештеңе жасай алмады.

  • 1:0 — Старченко (02:41)
  • 1:1 — Сошников (14:25)
  • 1:2 — Старков (23:08)
  • 1:3 — Петухов (40:21)
  • 1:4 — Шестаков (47:41)
  • 2:4 — Қайыржан (50:47)

Бұл астаналық клуб үшін қатарынан сегізінші және ағымдағы маусымда 46-шы жеңіліс болды, ал келесі ойынды команда 26-шы ақпанда сырт алаңда магнитогорлық «Металлургпен» өткізеді.