25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

КХЛ бапкерлерінің жалақысы жарияланды: «Барыстың» бас бапкері ең төменгі еңбекақы алады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Championat.com КХЛ-дегі бас бапкерлердің жалақысын жариялады. «Барыстың» бас жаттықтырушысы Ғалым Мәмбеталиев лиганың ең төмен жалақы алатын маманы атанды.

Бұл тізімде астаналық клубтың бұрынғы бапкерлері Дэвид Немировски мен Вячеслав Буцаев та бар.

Ең жоғары жалақы алатын КХЛ бапкерлері:

  1. Илья Воробьев («ЦСКА») — 90 млн рубль (543,6 млн теңге)
  2. Игорь Никитин («Локомотив») — 85 млн рубль (504,9 млн теңге)
  3. Андрей Разин («Металлург») — 70 млн рубль (415,8 млн теңге)
  4. Роман Ротенберг («СКА») — 70 млн рубль (415,8 млн теңге)
  5. Ги Буше («Авангард») — 65 млн рубль (386,1 млн теңге)

«Барыстың» бұрынғы және қазіргі бапкерлері:

  • Дэвид Немировски («Барыс») — 40 млн рубль (237,6 млн теңге)
  • Вячеслав Буцаев («Барыс») — 20 млн рубль (118,8 млн теңге)
  • Ғалым Мәмбеталиев («Барыс») — 10 млн рубль (59,4 млн теңге)

Айта кетейік, 2024/25 жылғы тұрақты маусым қорытындысы бойынша «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!