19.08.2025
Оқу уақыты: 2 мин

КФФ техникалық директоры Қазақстан қашан ӘЧ-ге шығатынын айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
КФФ техникалық директоры Қазақстан қашан ӘЧ-ге шығатынын айтты

Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул Sport Pulse подкастының эксклюзивті сұхбатында ұлттық құраманың қашан Әлем чемпионатына жолдама алуы мүмкін екенін айтты.

Скуртул қазақстандық барлық ұлттық құрамалардың жұмысын үйлестіреді және футболшыларды даярлау жүйесін қалыптастыруға жауап береді.

«Біздің міндет – заманауи футбол ойнай алатын әмбебап футболшыларды тәрбиелеу. Барлық құрамаларда жаңа философияны бірдей түсіну болуы тиіс. Қазір біз құрамаларды үш блокқа бөлдік. Бірінші блок – «А», мұнда ұлттық құрама бар. Ол жақта біз нақты нәтижеге жұмыс істейміз. Сондай-ақ U21, U19, U17 құрамалары бар, олардан қазіргі мүмкіндіктеріне сай ойынды көрсетуді талап етеміз. Яғни олардың қабілетіне бейімделген ойын стилін таңдаудамыз. Қалған құрамалар жаңа философия бойынша дайындалады», – деді Скуртул.

Молдавиялық маман мысал ретінде 2026 жылғы Әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан құрамасын атап өтті:

«Қазір біз U17 құрамасымен жобаны бастадық. Бұл командаға 2030 жылғы Әлем чемпионатына шығуға шынайы мүмкіндік бар. Ол Қазақстан футбол ойнай алатынын, дәстүрі барын, жақсы мектебі барын дәлелдейді. Көрші Өзбекстанды алыңыз – олар да «жоспар құрай бермей, футболмен айналысайық» деп шешті. Кез келген мақсат қоюға болады. Бірақ жақсы командир – жақсы бұйрық беретін емес, орындалатын бұйрық беретін адам. Біз де нақты стратегиямен қатар, дұрыс жүзеге асыруға күш саламыз. Реалист болу керек», – деді ол.

Сондай-ақ Скуртул сұхбатта комментатор Ермұхамед Мәулен айтқандай 10 млн теңге жалақы алмайтынын атап өтті. Ол өзінің нақты қызметін, қандай міндеттер жүктелгенін де түсіндірді.

Подкастың толық нұсқасын Sport Pulse-тің YouTube-арнасынан көруге болады.