22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КФФ ТДЕК шешімдері: «Қайрат» пен «Елімай» ойыншылары 2 матчқа шеттетілді, бірқатар клубтар айыппұл алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
КФФ ТДЕК шешімдері: «Қайрат» пен «Елімай» ойыншылары 2 матчқа шеттетілді, бірқатар клубтар айыппұл алды

12 тамыз 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының Контрольдік-тәртіптік және этика комитеті Премьер-лига мен Бірінші лига матчтары бойынша бірқатар шешім шығарды.

Премьер-лигада ең маңызды шешім – «Қайрат» жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов пен «Елімай» қорғаушысы Иван Свиридовтың 21-турдағы өзара ойында спортқа жат қылық көрсеткені үшін екі матчқа дисквалификациялануы.

Клубтарға салынған айыппұлдар:

  • «Ордабасы» – 393 200 теңге (100 АЕК): «Тобылға» қарсы ойында ескертулердің шектен тыс көптігі үшін.

  • «Жетісу» – 235 920 теңге (60 АЕК): «Атырауға» қарсы матчта жанкүйерлердің алаңға жүгіріп шығуына жол бергені үшін.

Бірінші лигада:

  • «Жетісай» – екінші таймның трансляциясы болмағаны үшін ескерту.

  • «Хан-Тәңірі» – қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны және матчта полиция болмағаны үшін ескерту.

  • «Ақтөбе М» – 196 600 теңге (50 АЕК): «Шахтермен» ойын барысында бес сары қағаз алғаны үшін.

  • «Тараз» командасының көмекші бапкері Азиз Анарметов – үш матчқа шеттету, «SD Family»-ге қарсы ойында алаңға зат лақтырғаны үшін.

  • «Алтай» ойыншысы Аслан Жанұзақов – төрт матчқа шеттету, ресми тұлғаны қорлағаны үшін.